Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру саласындағы қызмет туралы 2022 жылғы есеп
Мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыру саласындағы қызмет туралы 2022 жылғы есеп
Қосшы қаласы, «Бөбек-2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Бөбек” балабақшасы
Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыру, бұл жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың маңызды көрінісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалар негізінде жүзеге асырылады:
1. Қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, құзіреттілік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына, тұрғылықты жеріне немесе басқа да әрекет жағдайлары бойынша дискриминациясыз тең қолжетімділігі;
2. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бюрократизм мен қағазбастылықтың болуына жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында жауапкершілік пен ашықтылық;
4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісін әрдайым жақсарту;
6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде экономикасы мен тиімділігі.
Ақмола облысы, Қосшы қаласы «Бөбек-2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, “Бөбек” балабақшасы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің 2 түрін жүзеге асырады:
1. “Мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды, “бір өтініш” қағидасы бойынша жүзеге асырылады.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 50, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 50, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.
2. “Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау мен балаларды тіркеу”
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – электронды.
2022 жылы көрсетілген қызметтер саны – 50, олардың ішінде “akmola.kz” ақпараттық жүйесі арқылы – 50, “электронды үкімет” порталы арқылы - 0.
2022 жылдың 1 қаңтар 31 желтоқсан аралығында Ақмола облыс, Қосшы қаласының «Бөбек-2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бөбек» балабақшасына қызмет алушылар тарапынан шағым түскен жоқ.
Байланыс:
Қосшы қаласы, Жамбыл Жабаева,25 «Бөбек-2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Бөбек» балабақшасы, Ақмола облысы бойынша Білім басқармасы, байланыс телефоны: 87784075592, электронды пошта: bobek.kosshy@bk.ru
Қабылдау демалыс және мерекелік күндерді алмағанда, жұмыс күндері сағат 07.30ден 19.00ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс 13.00ден 14.00ге дейін.
«Бөбек-2011» балабақшасының меңгерушісі Байканова Г.Ж